Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында сот ерлі-зайыптыларға ажырасқан соң несие қарыздарын өтеуге міндеттеді

Сот ажырасуға өтініш берген ерлі-зайыптыны бірігіп несие қарыздарын өтеуге міндеттеді. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Decorative Scales of Justice

Фото: mignews.ru

Еңбекшілдер аудандық соты мүліктерді өзара бөліп алу туралы отбасылық шағымды қарастырған. Сот анықтағандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар біріккен неке кезінде екіжақты келісіммен отбасының қажеттілігі үшін несие алған. Ал ажырасқаннан кейін олар мүлікті өзара бөлісіп алғылары келген.

“Сотта тараптар жағдайды медиациялық негізде реттеу туралы медиативті келісім көрсетті. Сот олардың несие қарыздарын бірігіп төлеу керектігін жариялады. Сот анықтауымен азаматтық негіздегі іс тоқтатылды,” – делінген сот хабарламасында.

Талқылау