Ақмола облысында Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ ашылады

Сәрсенбі, 15 Қараша , 2017 10:51

Жоба авторларының пікірінше, табиғи саябақтың арқасында өңірге туристер ағылатын болады,-деп жазды Sputnik  Қазақстан басылымы.


Ақмола облысы Ақкөл ауданында “WAKE UP 2017” грант берушілер форумы аясында “Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ” жобасының презентациясы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба презентациясын “Тұрақты даму” Жер қоры президенті Алан Бесен таныстырған. Жобаны Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Қазақстанның туроператорлары бірігіп жасады.

“Жобаның мақсаты – Ақкөлде биосфералық резерват құру. Яғни, биологиялық ресурстарды белсенді түрде пайдалану мен ерекше эко жүйені сақтау арасында баланс орнату. Табиғи саябақ ұйымдастырылған туристер легіне қызмет көрсетуге бағытталған бизнес жобалар арқылы жергілікті халықты өңірдің сирек кездесетін табиғи байлықтарын сақтауға жұмылдырады.

Оның ішінде отбасылық демалысқа, саңырауқұлақ пен жидек теруге, жаяу және велосипед турларын ұйымдастыруға ерекше мән береміз. Инфрақұрылымның қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз”, — деді Алан Бесен.

Жобаны Ақмола облысы әкімі Мәлік Мурзалинге таныстырып, кейінірек республикалық деңгейде ұсынылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен саябақтың ашылу күні кейінірек анықталмақ.

Оқи отырыңыз:

Айқын өзін “жүргіш” деп сынағандарға жауап берді

Димаш Құдайберген Голливуд жұлдыздарының алдында өнер көрсетті (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа әкесіне қымбат маркалы автокөлік мінгізді

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар