Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында көлікті сүйреп жүрген 6 жасар бала жұртты таңдай қақтырды (видео)

Ақмола облысының Қажымұқан аулында 6 жасар Бекмансұр рекорд орнатты. Ол жеңіл көлікті 20 метр қашықтыққа сүйреп апарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақмола облысында көлікті сүйреп жүрген 6 жасар бала жұртты таңдай қақтырды (видео)

Бекмансұрдың көлікті сүйреп бара жатқан сәтінің видеосын Facebook желісінде жариялаған Әмір Махмет есімді қолданушы онымен мақтанатынын айтты.

«Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе. Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан Мұңайтпасов атамыздай балуан бол!» – деп жазды ол.

Өз кезегінде желі қолданушылары 6 жасар баланың қабілетіне таңдай қағып, болашағы жарқын болуын тілесіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау