Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әжей 62 жыл бойы ешқандай құжатсыз жүрген

Ақмола облысында таң қаларлық жағдай орын алды. Өмір бойы құжатсыз жүрген егдей әйел сотқа өтініш жасаған.

d6bef2fb3a1fd899c619ba9fd6de3685

Сурет sweet211.ru сайтынан алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Мақпал Махметова (аты-жөні өзгертілді) 1954 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде туған. Белгісіз себептермен оның ата-анасы жаңа туған сәбилерін тіркеуге қоймапты. Туу туралы куәлік ақыры алмаған Мақпал, сол күйі мектепке де бармаған. 

2015 жылы апай зейнетке шығу туралы мәселесін шешпек болып, әлеуметтік қызмет өкілдеріне барғанда олар мынадай жағдайда еш көмек бере алмайтынын айтқан. Әжейдің сотқа шағымдануына тура келеді. Бақытқа қарай ауылдың шаруашылық кітапшасынан егде әйелдің отбасы туралы куәлік табылады. Бұрынғы совхоз мұрағатынан оның сауыншы болып жұмыс істегені туралы қағаз бен айлық төленген хаттамасы табылған. Оның тұлғасын бірнеше адам танып, растайтынын да білдіреді.

Енді жақын арада әйел жеке куәлігі мен зейнетақысына да қол жеткізбек.

Нұржан Баймолдин

Талқылау