Ақмола облысында алаяқ әйелдер тыл ардагерін алдап кетті
Степногор қаласында 89 жастағы тыл ардагерін екі әйел алдап соқты. Әбден сенімге кірген олар Николай Гаврилиннің үйінен тірнектеп жинаған 1 миллион 200 мың теңгесін үптеп кетіпті. Оңай олжаға қол жеткізген 48 және 34 жастағы күдіктілер қаладан ұзап кете алмады. Олар қария полицияға қоңырау шалғанан кейін 3 сағаттың ішінде қолға түсті. Бұл туралы КТК хабарлады.
Екі бейтаныс әйел ардагердің үйіне бал сатып жүргендерін айтып кірген. Қарт адамды әңгімеге тартып, тіпті қолдарынан ем жасау да келетінін айтыпты. Ал қария олардан ем-дом алуға келісіп, тіпті төлейтін ақшасының қайда тұрғанына дейін көрсетіпті. Аз ғана уақыттың ішінде, біреуі «тіл- көзден» емдеп жатқанда, екінші әйел ақшаны ұрлап үлгерген. Гаврилин миллионнан аса теңгенің жоқ екенін олар кеткеннен кейін бір-ақ біліпті. Қазір ақша ардагердің өзіне табыс етілді. Күдіктілер қамауда отыр.
«Көп сөйлестік. Өздері әңгімешіл екен. Алдап тұрғандарын қайдан білейін. Бұл менің олай-бұлай болып кетсем, рәсімдерге жаратылар деп зейнетақымнан жинаған қаражатым ғой. Жалғыз тұрамын. Әйтеуір, полиция тез тауып алды»,-дейді зардап шегуші Николай Гаврилин.
Оқи отырыңыз:
Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі 2,5 млн теңге тұратын бес келі күмісті қоқысқа тастай салған
Астаналықтардың үйіндегі су жасыл түске боялуы мүмкін
Қарағанды тұрғындары 17 млн теңгеге демалысқа жолдама алып алданып қалған

"Фанатизм деген осы": Өзіне көмектеспек болған азаматтан қашқан орамалдағы қыз желіде сынға қалды
