Көлікті сат та, қарызыңнан құтыл: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған

12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай  айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Тоқтар Әубәкіровтің жомарттығына куә болған оқиғасн айтып берді.

Фото: time.kz

«Екі-үш жыл бұрын бір танысым қарызға кіріп, біраз қиналды. Қиналғаны сонша, Франклин атаның суреті бар көк қағаз табылмаған соң тіпті, бір бүйрегін сатпақшы да болған. Үлкеніміз бар, кішіміз бар бəріміз жабылып жүріп ол ойынан айныттық. Сол танысым бір күні маған келіп, “Тоқтар ағаның үйіне барып жағдайды айтайықшы, мені танымаса да, сені танып қалуы мүмкін ғой” деді. Жақсы деп Қарағанды трассасының бойындағы Тоқтар ағаның үйін тауып бардық. Жер үй екен. Ғарышкер ағамыз аңға шығуға қамданып кетейін деп тұрған шағы сол екен, бізді көріп жағдайды асықпай тыңдады.

Сөйтті де, “Iнiм бүйрегімді сатам деген сөзді қой, сен сұраған ақша менде де жоқ, мə мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл” деп темір тұлпарының кілтін қолымызға ұстатты да жіберді. Бүйрегін сатам деп тұрған жігіт те, мен де жүрегін жұлып берердей бауырмалдық танытқан ағамызға қатты риза болдық. Қиналып, қажып жүрген пендеге жылы сөздің өзі үлкен жəрдем екен ғой. Танысым жүзі жайнап, “Жоқ аға! Осы ісіңіздің өзі маған үлкен қажыр қайрат сыйлады. Бiз үшін сіз жаяу жүрмеңіз” деп көлігін өзіне қайтарды. Мен азаматтық, мәрттік, адамгершілік пен бауырмалдық дегеннің шынайы көрінісін осы кезде ғана көрдім», – деп жазады ақын.

Тағы да оқыңыз:

“Біз қазақпыз!” Назарбаев демократиясын тықпалаған батысқа не деп жауап беретінін айтты

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоям

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар