Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоям
Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті. Махаббат тақырыбын, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады.

Ақын өз өлеңін оқи келе Махамбетті Абайдан артық қоятынын тағы бір мәрте атап өтті.
«Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді Шаханов.
Мұхтар Шаханов соңғы кездері дуға айналған тақырып жайлы айтып Нұрлан Оразалинді Қоразалин деп атамағанын алға тартты.
“Сөзімді бұрмалап жіберіпті. Мен керісінше Оразалин Қоразалин болмады дедім. Тауықалин Шөжалиннің деңгейінде самғады дедім”, – деп атап өтті Шаханов.
Тағы да оқыңыз: Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады