Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі 2,5 млн теңге тұратын бес келі күмісті қоқысқа тастай салған

8 сәуірде ASSYLY дүкенінің күзетшісі салмағы 5 келі болатын зергерлік бұйымдарды қоқысқа тастай салған.

Бұл туралы ол Инстаграм желісіндегі топтардың біріне жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Біздің дүкеннің 8 қалада бөлімшесі бар. Алматыдан қазақы ою-өрнегі бар білезіктер жіберген болатын. Оны Ақтаудағы бөлімшеміз – «Қазақ әшекейлері» дүкеніне жіберуіміз керек-тін. Дүкенде қоқыс салынған жәшік тұрған. Мен оған екі күн бойы қоқыс салдым. Мен шығып кеткенде ағам ішіндегі қоқысты алып тастап, онын орнына зергерлік бұйымдары бар пакет салып қойған екен. Мен оны білместен қоқыс контейнеріне апарып салдым», – деді Елорда Инфо тілшісіне ASSYLY дүкенінің күзетшісі Жандос Әмірханов.

Қоқыстың орнына зергерлік бұйымдарды лақтырып жібергенін күзетші бір сағаттан соң бірақ білген.

Қоқысқа тастаған 5 келі күміс бұйымдар табылды. Бұл туралы «ASSYLY»  дүкенінің күзетшісі Жандос Әмірханов телефон арқылы хабарлады.

«Шынымды айтсам, бұл оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын. Оқиға былай болды: екі күн бұрын маған бір ер адам қоңырау шалып, осы  аумақта (7 Континент) тұрған адам туралы хабарлады. Шамалап мекен-жайын айтты. «Мәскеу»   үй кешенінің маңында өз үйі бар деді. Ауызша сипаттап берді: орта бойлы, сақалды ер адам. Бүгін жұмыста отырып жарты сағат бұрын далаға шықтым. Қарасам әлгі сипаттап берген адам келе жатыр. Екі күн бұрынғы қоңырау есіме түсті. Қасына барып сөйлестім». – дейді күзетші.

Оның айтуынша, құны 2,5 млн теңгенің бұйымдарын тауып алған адам мылқау екен.

«Зергерлік бұйымдардың сонда екенін түсіндім. Ол ертең алып келемін деді. Мен бірден үйіне баруды ұсындым. Өзі мылқау, сөйлей алмайды. Қағазға мекен-жайын жазып берді. Біз үйіне барып, бұйымдарды алдық. Сыйақы ретінде 100 мың теңге бердік. Бұйымның барлығы орнында, біреуіне де тиіспепті», -деді Ж.Әмірханов.

Бұған қоса ол екі күн бұрын телефон арқылы күміс бұйымдарды тауып алған азамат туралы ақпарат берген ер азаматқа сыйлық жасамақ ниетте.

«Екі күн бұрын телефон шалып ақпарат берген азаматтың аты – Бекзат. Менде оның нөмірі сақтаулы. Ақшалай сыйлық жасап, алғысымды білдіргім келеді», – деді  «ASSYLY»  дүкенінің күзетшісі. 

Сондай-ақ жігіт енді қоқыс шығармас бұрын тексеріп отыратынын айтты.

«Қоқыс шығаруға қорқатын болдым», – деді ол сөз соңында.

Тағы да оқыңыз:

Астаналықтардың үйіндегі су жасыл түске боялуы мүмкін

Қарағанды тұрғындары 17 млн теңгеге демалысқа жолдама аламыз деп алданып қалған

Қытайда сәби ата-анасы қайтыс болған соң 4 жылдан кейін өмірге келді

Талқылау