Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғындары 17 млн теңгеге демалысқа жолдама алып алданып қалған

Айдың-күннің аманында 17 млн теңгесінен қағылған қарағандылықтар ашуға булығып, алаңға шықты. 160 адамның өңірдегі демалыс орнына арнайы сатып алған жолдамасы жарамсыз болып қалған.

Қарағанды тұрғындары 17 млн теңгеге демалысқа жолдама алып алданып қалған

Мекеменің бұрынғы иесі қамауға алынып, жаңадан келген қожайын тұтынушыларға ескерту жіберген. Екі оттың ортасында қалған жұрт барлық құзырлы органдарға шағым да жазыпты, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Демалыс орнының бұрынғы қожайыны қазір Алматы қаласында алааяқтық ісі бойынша тергеліп жатыр. Ал, алданған жұрттың арасында қариялар да бар. Жасы келгенде бейнеттерінің зейнетін көргісі келгендердің кейбірі 285 мың теңгесін жолдамаға жұмсапты. Осынша қаражаттарын қайтару үшін тұтынушылар биліктен де көмек сұрап отыр.

«Август месяцқа алғанмын. Күтіп отырдық. Қырық елу мыңға скидкамен почти елу процент. Оказывается бізді машеничество қылып, былай алдаған. Сол мәселемен біз қазір прокуратураға жазып, милицияға жазып, содан кейін ана президеттің администрациясына да жазып жатырмыз» – дейді қала тұрғыны Алма Әубәкірова.

Тұрғындар жиналып, облыстық прокуратураға ұжымдық шағым түсірген. Қазір бұл істі ішкі істер департаменті тергеуде. Алайда құзырлы орган қандай да бір мәлімет беруге асығар емес.

Оқи отырыңыз:

Қытайда сәби ата-анасы қайтыс болған соң 4 жылдан кейін өмірге келді

Анасы Мәскеуде сатпақшы болған бала әкесіне қайтарылды

Қоңыр көзді модель көзінің түсін өзгертем деп жанарынан айырылды

Талқылау