Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкесі балаларын порно көруге, өзінің жыныс мүшесін ұстауға мәжбүрлеген

Ақмола облысының тұрғыны ұлдарын порнографиялық видео көріп, өзінің жыныс мүшесін ұстауға мәжбүрлеген.

e9op1uhz0va

Фото: matrony.ru 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жыныстық мәндегі зорлық әрекеттерін 10 және 12 жастағы балаларына бірнеше мәрте жасаған.

“Анасы оның әрекетін білген кезде, ер адам балаларға қастық жасаймын деп қорқытқан. Сол себепті әйел полицияға баруға қорқып жүріпті”, – дейді дерек көзі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам сол әрекеттері үшін ҚР ҚК 121 бабы негізінде 17 жылға сотталған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сондай-ақ, ер адаммен бірге тұрған әйел де, ҚР ҚК 434 бабы “Аса қауіпті қылмыс туралы хабарламау” бойынша айыпты болды. Оған бір жылға дейінгі бақылау шарасы тағайындалды. Әйел өкілетті органдардың келісімінсіз жұмыс орны мен тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыздар:

Ақтөбеде ата-ана қарауынсыз қалған 6 бала пәтерге орналастырылды

 

 

Семейде анасы шашынан бит теремін деп, қызын өлтіріп алды

Атырау облысында бүлдіршін өз ауласында тұрған бөшкедегі суға батып мерт болды

Талқылау