“Ахметов ісі” бойынша сотталғандардың барлығы түрмеден шығып үлгерген
Осы атышулы істе Серік Ахметов шатылғандардың соңы болып шыққан екен, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Kapital.kz
Осыған дейін Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласын басқарған Мейрам Смағұлов та қапастың қақпанынан құтылған болатын. Жүзден астам адам тергелген, атан түйеге жүк болатын істе экс-пермьермен бірге 21 шенеуік жаза арқалап, уақыт өте босады. Ол тізімде Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бөлім басшылары Мұхтар Адамбеков, Айдос Жакеновтер бар. Жер қатынастары бөлімінің басшысы болған Ернар Дәрібеков те батқан ұйықтан аман шықты. Сын сағатында дос бейтанысқа айналатын бұл сотта ақша бергендерін мойындап, түрмеден құтылған Әлжан Ақмолдаев, Думан Нұрбаев, Ғұмар Рахымжанов сынды кәсіпкерлер де бар.Жіберіп алмаңыз: Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді Қайрат Келімбетов миллиондап жалақы алатынын ашық айтты
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"