Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Келімбетов миллиондап жалақы алатынын ашық айтты

Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов айына қанша жалақы алатынын ашық айтты. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Келімбетов журналистердің сұрағына жауап берді.

20170708210446074

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Өздеріңіз білетіндей, президенттің бұйрығымен, «ХАҚО» АҚ кеңесінің төрағасы болып тағайындалдым. Соған сәйкес, жалақыны мен де заңға сәйкес аламын. Жалақым «Бәйтерек» немесе «Самрұқ-Қазына» қорындағылардан көп емес, тіпті аз болуы мүмкін», – деп жауап берді Келімбетов.

Келімбетов, быилғы жылы ХАҚО қызметкерлеріне сыйақы мен қосымша бонустардың қарастырылмағанын атап өтті.

«Сондықтан менің жалақым туралы алаңдамай-ақ қойыңыздар, жалақым қолжетімді соммада. Жалпы бізде жалақы көлемі әркімнің қызметіне қарай 1 миллион теңгеге дейін барады», – деп түсіндірді Қайрат Нематұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстан Назарбаев пен Бабановтың кездесуін Қырғыз елінің ішкі ісіне араласу деп бағалады

Астана маңындағы жерлерді жаппай сатқан шенеуніктер сотта жауап беріп жатыр

Ұлттық валютаның курсы 340 теңгеге жетті

Назарбаевпен Алматыда кездескен жігіт Қырғызстанның келесі президенті ме?

Талқылау