Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана маңындағы жерлерді жаппай сатқан шенеуніктер сотта жауап беріп жатыр

Ақмоланың атқамінерлері топтасып алаяқтықпен айналысқан. Көкшетау соты бүгін жер саудасын майшелпекке айналдырған 24 бірдей шенеуніктің ісін қарауды бастады. Процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Өйткені, қылмыстық істің өзі 391 том. Бұл туралы КТК хабарлайды.

112805

Былық 2013-2014-ші жылдары Целиноград ауданында болған. Мұндағы атқамінерлерлер Астана маңындағы жерлердің актісін қолдан жасап, аңғал жұртқа сатыпты. Әзірге, осындай жолмен 300-дей адамның алданғаны белгілі.

Олардың барлығы алаяқтардан алған жерді, зар жылап мемлекетке қайтаруға мәжбүр болған. Ал айыпталушы орындығындағы 24 адамның 8-і сотқа үйінен қатынап жүр. Өйткені, қолхатпен босатылған. Қалған 16-сы үкімді тергеу абақтысында күтіп жатыр.

Олар – аудандық жер қатынастары , сәулет және құрылыс бөлімдерінің, әділет басқармасының, халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары. Арасында Қосшы ауылының бұрынғы әкімі де бар.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау