Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

ҚР Парламенті мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ауыл жастарының Қазақстан қалаларына келу себептерін жоюға шақырды.

1968621

“Жастардың қалаға келу ағымын азайту үшін, оған ықпал ететін себептерді жою қажет. Ауылдық жастарға жұмыс жасау үшін, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін, қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени инфрақұрылыммен пайдалану үшін жағдай жасалу керек. Бұл тек жастарға ғана қатысты емес, барлық ауыл адамдарына қатысты болуы қажет”, — деді Божко.

Божко адамдардың ауылдан қарқынды түрде кетіп жатқанын, ауылдың жағдайы жақсармайтын болса, қара жерде жұмыс істейтін адамның қалмайтынын атап өтті.

“Соның салдарынан азық-түлікті шетелден сатып алып отырамыз. Ал ірі қалаларда наразылыққа дайын тұратын халықтың саны артады”, –  деп атап өтті Божко.

Жіберіп алмаңыз:

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Қарағандыда шенеунік кабинетте жиналыс жасап жатқан жерінен ұсталды

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Талқылау