Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды

Алматыға іссапары барысында мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты.

40fe6897ac14fbffcc0f6ef476cef57f

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.

Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады

Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанға жауап нотасын жолдады

Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді

Қырғызстан Назарбаев пен Бабановтың кездесуін Қырғыз елінің ішкі ісіне араласу деп бағалады

Талқылау