Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек , 2017 21:28

Мемлекет басшысы Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімдігі мен әкімшілік ғимараттар кешенін, емхананы аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

президент
Елбасы Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығына барды.

Қазақстан президентіне Алматының жаңа ауданын салған кезде елімізде жасалған құрылыс материалдарын пайдалану деңгейі 95 пайызға жеткені мәлімделді. 2 мектеп, 3 емхана, 17 спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынды. 33 балабақша құрылысы мемлекет-жекеменшік серіктестігі қағидаты бойынша жүзеге асқан.

Ауданның 100 пайыз газбен қамтамасыз етілуі маңызды инфрақұрылымдық жетістік саналады.

Бұдан бөлек, Наурызбай ауданының әкімі Сайфеденов Мемлекет басышысына салық түсімдерінің 11 есе артқаны, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны төрт есе өскені және Алматының полицентристік стратегиясы аясында табысты дамып келетіні жөнінде баяндады.

“Жаңа әкімшілік орталық ашылғалы мемлекеттік қызметтердің барлығы бір жерден көрсетіледі. Жуық арада мұнда жаңа спорт және мәдениет нысандары пайда болады, тұрғын үй мен балабақшалар салынуда”, – деді аудан әкімі.

Соңында Мемлекет басшысы ауданның Ардагерлер кеңесі мүшелерімен әңгімелесті.

“Алматы қаласы тұрғындары санының артуы сәйкесінше оның аумағын да ұлғайтуды қажет етеді. Үш жыл бұрын жаңа Наурызбай ауданын құру жөнінде шешім қабылданды. Осы уақыт ішінде тиісті инфрақұрылым жасау жолында көп жұмыс атқарылды.

Қала орталығымен ыңғайлы әрі жылдам қатынас орнату үшін көлік мәселесіне қатысты қажетті шешімдер де қабылданатын болады”, – деді Елбасы.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері аудан жұртшылығының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа аудан құрылғаннан бергі үш жылда оң өзгерістер болып жатқанына орай алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы “Туған жер” бағдарламасы аясында салынған жаңа емханада болды.

Қазақстан президентіне бұл емханада алғашқы медициналық көмек көрсетуден бөлек, асқазанның қатерлі ісігін алдын-ала анықтау мақсатымен скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды.

Сондай-ақ, мұнда рентген диагностикасы бөлімшесі, офтальмолог, оториноларинголог, торакальді және абдоминалды колопроктология кабинеттері ашылған, тағы басқа бөлмелер жабдықталған.

Емханада азаматтарды электрондық тіркеу орны, Call-орталық бар. Онда Наурызбай ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасы орналасқан.

Елбасыға жуық арада “Қалқаман” шағын ауданында тағы бір медициналық мекеменің ашылатыны және “Тау самалы” шағын ауданында да емхананың құрылысы басталатыны жөнінде мәлімделді.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар