Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесінің екінші рет үйленгеніне төзе алмаған қазақ қызы пластикалық отаға тәуелді болып қалған

Желіде Аделя Ким лақап атымен танылған Айдана есімді бұл бойжеткен бірнеше жеріне пластикалық ота жасатқан. Ол омырауын екі өлшемге үлкейтіп, көзін үлкейту үшін қабақ үстіндегі теріні алдырған, яғни блефоропластика жасатқан. Сондай-ақ, 25 жастағы бойжеткен ернін үлкейту үшін екі жылдан бері арнайы екпе қабылдайтынын мойындап отыр.

Әкесінің екінші рет үйленгеніне төзе алмаған қазақ қызы пластикалық отаға тәуелді болып қалған

Айдана 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына қатысып, хикаясын баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“2013 жылы бірінші рет омырауыма ота жасаттым. 1,5 өлшемнен 3-ке арттырдым. 2014 жылы көз пішінін өзгерту үшін блефоропластика жасаттым. Бірақ өзіме ұнаған жоқ. Биыл тағы жасатуды жоспарлап отырмын. Одан көзқарасың әдемі бола түседі. Ерінді екі жыл бұрын бастадым. Екпемен ішіне қышқыл құяды. Оны 4-5 айда бір рет бір милиграммнан құйып отырады”, – деген Айдана бұдан өзге денесінде 7 бірдей татуировкасы бар екенін жасырмайды.

Әкесінің екінші рет үйленгеніне төзе алмаған қазақ қызы пластикалық отаға тәуелді болып қалған

25 жастағы бойжеткен тұрмыс құрмаған. Бірақ сүйіктісі бар. Оның үстіне, өзі бизнеспен айналысады. Қазақстан бойынша үш киім дүкені бар. Жақында төртіншісін ашуға дайындалып жатыр екен.

“Шамамен 9-10 жыл бұрын Қарағандыдан Алматыға келдім. Сол уақыттан бастап даяшы, бильярд залында маркер сынды әртүрлі жұмыстар атқарған. Қазір шүкір, әке-шешеме көмектесемін. «Аяла» деген қорым бар. Құрбым екеуміз аштық. Мен негізін қалаушымын. Еріктілердің көмегімен, аз да болса жетімдер үйінің түлектеріне көмектесіп отырамыз”, – дейді Айдана.

Бойжеткен осыдан 10 жыл бұрын анасынан айырылып қалған. Әкесі екінші рет шаңырақ көтергеннен кейін, оны көтере алмай, Қарағандыдан Алматыға көшіп кеткен. Айдананың өміріндегі өзгеріс сол шақта орын алған.

“Кішкентай кезімнен бірбеткей болып өстім. Сол себепті әкем маған сын айтудың пайдасы жоқ екенін біліп, ештеңе айтпайды. Тек қана қолдайды. Мен нөлден өзім көтерілдім. Олар мені мақтан тұтады”, – деген Айдана әкесіне көлік алып бергенін мақтаныш тұтанынын айтып қалды.

«Әкемнің 10 жылдың жигулиі бар етін. Мені көлік айдауға сонымен үйреткен. Өзім көтеріліп жатырмын. Бір емес, үш көлігім бар. Сол себепті өзіме ғана ала бермей, әкеме сыйлайын дедім. Аккумуляторы отырып қалды, тағы да басқа деп жиі хабарласатын. Әкеме көмектесіп тұрамын. Өйткені анам жоқ, әкем бір өзі. Анам 15 жасымда қайтыс болған. Әкем екінші рет үйленді, сол себепті Қарағандыдан кетіп қалдым, көтере алмадым», – дейді Айдана.

Бұл ретте эфирге келген имам шариғат бойынша, денеге тиісуге болмайтынын атап өтті. Оған Айдана былай деп жауап берді:

“Ол кісінің айтуы парыз екенін мен білемін. Денемізді бізге Алла Тағала аманат етіп бергенін мен жақсы білемін, бірақ сонда да бұл менің шешімім. Күнә екенін білемін, бірақ оған өзім жауап беремін. Оған қорықпаймын”, – деп түсіндірді ол.

Тағы оқыңыз:

Instagram-ның кесірінен болған өлім: Павлодарда омбылық студентті өлтірген жігіт сотталды

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

Алматылық әйел өзін тастап кеткен күйеуінен өш алу үшін ұлын Люцифер деп атады

Талқылау