Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкемнің ұрысқаны есімде жоқ": Айдана Меденова марқұм ата-анасын еске алды

Үлкен сахнадан кетіп, дінге бет бұрған экс әнші Айдана Меденова марқұм ата-анасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidanamedenova_officialpage/

Әншінің айтуынша, анасы қаталдау болғанымен, әкесі өте мейірімді кісі болған көрінеді. 

“Әкем сияқты адам көрмедім. Менің санамда әкемнің ұрысқан сәті жоқ. Ешқашан балаларына дауыс көтермеген. Барлығымыздың анамыз ұрысады ғой. Ұрысқанын да елемейтінбіз. Ұмытып кететінбіз. Әкемнің қатулы қабағы мен жанарын мүлдем көрмеппін. “Қызым олай жасама”, “мына қылығың ұят” деп айтқан емес. “Әке” деген сөз мен үшін “мейірім” деген сөзбен байланысып жатыр. Олардың көзі кеткесін ғана ойлап жүрмін, мені қаншалықты сүйетіндерін. Оларға ештеңе айтудың қажеті жоқ. Тек сезім арқылы бәрін білдіруге болады. Ата-анамның тәні мен жаны менімен ылғи бірге жүретініне сенемін. Олар менің мәңгі жүрегімде. Алладан күн сайын дұға етемін”, – деп жазды экс әнші. 



Желі қолданушылары әншінің ата-анасының тіршілігінде қандай адам болғандарын жарыса жазып жатыр. 

“Айдананың анасын да әкесінде өте жақсы таныдым. Анасы менің ұзату тойымда ерекше көрініспен өткізген. Қазір не бір ұзатулар ұйымдастырылып жүр ғой жаңашылдық сценарий деп, Айдананың ата-анасы сондай керемет сценарийлерді 20 жыл бұрын жасап тастаған адамдар. Өте текті тәрбиелі отбасы еді. Анасы ашық мінез, жарқын жанарлы әдемі жан болды. Әкесі ешкімнің көңіл қалдырмайтын азамат еді. Тіпті тойларға музыкант болып ақшасы жетпейтін той иелері болса түсіністікпен қарап "жарайды" деп күле салатын адам болатын еді”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Еске салайық, эк әнші туған бауырларымен бірге марқұм анасына арнап бейнебаян түсіргенін жазған едік. 

 

Талқылау