Жамбыл облысында өрт кезінде 48 бас мал өлген
Жамбыл облысы Қаратас ауылында тұрғын үйдің ауласындағы қора өртеніп, салдарынан мал қырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖД
Жалын кезінде 48 бас мал өртеніп кетті.
"Өрттің аумағы – 220 шаршы метр. Өрт салдарынан 47 ұсақ мал мен бір жылқы өлді. Алдын ала болжам бойынша өрттің пайда болуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы әсер еткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері 50-минутта өртті сөндірді. Оқиға орнында 7 құтқарушы мен 2 бірлік техника жұмыс істеді", – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда