Ақбота-Нұр: Дәурен 5 баламен тастап кетсе де қорықпаймын

Ақбота-Нұр Айдарқұлова бастапқы кезде балаларының бауырларымен араласуына қарсы болыпты. Тіпті, “көрмесін, білмесін” деп күйеуіне қатаң талап қойған көрінеді. Алайда уақыт өте келе Ақботаның жүрегі жұмсарған. Ол ұл-қызының Дәуреннің бірінші некеден туған перзенттерімен араласуына бүгінде еш кедергі келтірмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ақбота-Нұр: Дәурен 5 баламен тастап кетсе де қорықпаймын

Instagram оқырмандары Ақбота-Нұрға ойда жүрген сауалдарын жолдап, жауабын алды. Соның ішінде Айдарқұлова ұл-қызының бауырларымен ара-қатынасы жайлы сөз қозғады.

“Шынымды айтсам, бастапқы кезде қарсы болатынмын. Араласпасын, көрмесін деп. Бірақ уақыт өте келе барлығы да өзгерді. Араласуына мүлдем қарсы емеспін. Не дегенмен, қандары бір емес пе?” – дейді Ақбота.
Бұдан өзге, Дәуреннің келіншегі екі баланың анасы атанса да, ақ көйлек кимегеніне өкінбейтінін, тіпті алдағы уақытта той жасаудан кет әрі еместігін жеткізді.

“Еш өкініш жоқ. Әлі де сол ақ көйлек киіп, дүркіретіп той болатын күн әлі алда. Қалғанын сол кезде міндетті түрде еститін боласыз.

Онда тұрған ештеңе жоқ. Қай уақытта жасасаңыз да, бұл сіздің өміріңіз. Мен 2 балапаныммен де той көйлегін киюге дайынмын”, – дейді КешYou-дің экс-әншісі.

Инстаграм қолданушыларының бірі Ақботаға: “Дәурен үш бала туғызып, тастап кетеді деп ойламайсыз ба?” деген сауал жолдаған. Оған Айдарқұлова:

“3 бала ма, 5 балам болып тастап кетсе де қорықпаймын. Мен балаларымды біреу үшін босанып, біреу үшін бағып жатқан жоқпын. Тек өзім үшін! Жақсы сөз айтайық та. Алдағы уақытта не болатынын мен де, сіз де білмейсіз ғой. Пешенімізге не жазылғаны тек Аллаға ғана аян”, – деп жауап берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар