Адель Brit Awards музыкалық сыйлығының төрт дүркін лауреаты атанды

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 8:59

Ағылшын әншісі Адель Brit Awards ұлттық музыкалық сыйлығының төрт дүркін лауреаты атанды. Осылайша ол ең үздік британдық әнші атағын жеңіп алып отыр.

11141592

Сурет © REUTERS

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Әнші “үздік альбом” және “әлемдік жетістік” номинациялары бойынша жеңіске жетті. Ал оның Hello әні “ең үздік сингл” деп аталды. Осы әніне түсірілген бейнебаян да “үздік клип” аталымында үміткер болған. Алайда “үздік клип” атағы One Direction тобының Drag Me Down әніне бұйырды.

Адель салтанатты рәсім кезінде көзіне жас алып өзінің қолдаушылары мен екі жастағы ұлына алғыс білдірді.

Ал “үздік британиялық орындаушы” аталымында Джейм Бэй жеңіске жетті. Ал ең үздік шетелдік әйел әнші – исландиялық актриса Бьорк танылса, ерлер арасында бұл атаққа канадалық Джастин Бибер жетті.

Brit Awards (The Brits) — жыл сайын өткізілетін Ұлыбританиядағы поп-музыка иелерін марапаттайтын музыкалық сыйлық. Ең алғаш рет 1977 жылы табыс етілген. Ал 1982 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар