Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа Роза Әлқожадан аумайтын тағы бір әпкесін көрсетті

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа тағы бір әпкесін көрсетті. Жұрт оны Роза Әлқожаға қатты ұқсайтынын айтып таңғалды.

Әбдіжаппар әпкесі Перизат Әлқожаны көрсетті. Екі әпкесімен бірге түскен суретін желіге жариялады. Жұрт екі әпкесінің егіз секілді ұқсастықтарын байқады.

«Әпкелерің егіз секілді екен», «Бір бірінің көшірмесі ғой», «Ол кісінің өнерге қатысы жоқ па?» деп қызығушылық танытқандар бар.

Әнші Әбдіжаппар Перизат Әлқожаның тойында екенін жазып, құтты болсын айтып жатыр. Одан өзге туыс-бауырларының суретін жариялады.

«Бауырларды іздеп тұрайық. Мен жақындай алатын маған жақын алтындар. Телефонымда бар суреттер екен. Тағы қосатыным көп еді 10 суреттен артық болмайды екен. Инста дым дамымаған. Отметка да құрығанда 20-ақ адам. Ал менде бауыр көп тәубе. Досы көпті жау алмайды», – дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау