73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті

Жексенбі, 2 Қазан , 2016 13:31

73 жастағы алматылық азамат Әбілтай Шайхов Алматыдан Астанаға велосипедпен бір жарым аптада жеткен, деп хабарлады 24.kz.

20161002101714

Бұл эстафетаны ҰҚК ардагері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Ескере кететін бір жайт, зейнеткер 1 200 шақырым жерді велосипедпен еңсеру барысында өзіне дәрігерлер тағайындаған бірде бір дәрілік препаратты қабылдамаған.

«Жол бойы құрт пен ірімшікті азық еттім. Оларды жолға арнайы алып шықтым. Бұл қазақ халқының салты. Құрт күш береді, шөлдетпейді. Дәрігерлер маған дәрі қобдишасын да әзірлеп берген, алайда мен үшін оның қажеті болмады. Нағыз кальций  – құртта», – деді ақсақал.

Елордаға Әбілтай Шайхов бүгін жетті, ал Алматыдан 21 қыркүйек күні шыққан болатын. Айтуынша, еліміздің әрбір қаласында отандастары оны құшақ жая қарсы алған. Ал Астана алаңында, жаңбырға қарамастан, жүзге жуық адам жиналған, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.

«Халықтың қабылдауына риза болдым. Жамбыл облысына жетіп қалған кезде әртүрлі күш құрылымдарының бес өкілі мені велосипедпен күтіп алды. 200 шақырымды бірге жүріп өттік. Ол кезде велосепидті жақсы тебе алмайтынмын. Үш күннің ішінде үйрендім. Олар маған велосепедті дұрыс тебуді, дұрыс отыруды, бастысы, демалуды үйретті», – дейді ақсақал.

Жіберіп алмаңыз: 

Кәрім Мәсімов Астана-Бурабай тас жолын велосипедпен жүріп өтті

Ақышев пен Сәрінжіпов Медеуде велосипедпен серуендеді

Бангладеште түрі 80 жастағы қарттан аумайтын сәби өмірге келді

80 жастағы қайыршы әйел өзіндік стилімен танымал болды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар