Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 маусымда Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелмек

Астана қаласындак дуатлоннан жарыс өткізуге байланысты қалада кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

0

Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.

26 маусымда таңғы сағат 9.00-де бастап шара аяқталғанша мына көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады:

– Қабанбай батыр даңғылы Сарайшық к-сінен әуежай айналма жолына дейін;

– Орынбор к-сі М1 көпірінен Керей және Жәнібек хандар к-сіне дейін;

– Керей және Жәнібек хандар көшесі Тұран даңғылынан Орынбор к-сіне дейін;

– Қонаев к-сі Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін;

– Достық к-сі Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор к-сіне дейін.

Ұсынылып отырған айналып өту жолы: Тұран даңғылы, Сарайшық к-сі, Сығанақ к-сі, Хусейн бен Талал к-сі.

Жолдарда көлік қозғалысының шектелуіне орай жүргізушілерден бағдарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе тұрғыны Астанаға велосипедпен баратын болды (фото)

Үш күн бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны компьютерлік клубтарда бой тасалаған

Астанада жол талғамайтын көлік мінген шенеунік велосипедшіні қағып кетті (фото)

Астанада жолдарды хош иісті май қоспасымен жасамақ

Талқылау