Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы қазақ қоғамы кімдерден айырылды?

Өмір болған соң қуаныш пен қайғының қатар жүретіні баршаға аян. Біреудің шаңырағында қуаныш, екіншісінде орны толмас қаза. Аяқталуға жақын қалған 2017 жыл қазақ қоғамы кімдерден айырылды? Stan.kz назарларыңызға есімі ел есінде мәңгі сақталатын тұлғалар тізімін ұсынады.

Қыз Жібек Төлегінен мәңгіге айырылды! 17 желтоқсан күні Қазақстанның Халық әртісі Құман Тастанбеков 72 жасында бақилыққа аттанды. Марқұм Маңғыстаудағы туыстарының үйінде қайтыс болған.

2017 жылдың маусымында белгілі актер Владимир Толоконников 75 жасында өмірімен қош айтысты.

Қазақстанның алғашқы әнұранының авторы, ақын Мұзафар Әлімбаев 26 қараша күні 94 жасында бақилыққа аттанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту хатында Әлімбаевтың қазақ әдебиеті мен жастар тәрбиесіне сіңірген орасан зор еңбегін атап өтті. Қаламгермен қоштасу 29 қараша күні Алматыда өтті.

Белгілі қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий ауыр сырқаттан Минскіде көз жұмды. Қаламгер өзінің туған күнінде, яғни 3 желтоқсан күні қайтыс болған. Журналистпен қоштасу 6 желтоқсанда Алматыда өтті.

Есеп комитетінің басшысы Қозы Көрпеш Жаңбыршин 12 ақпанға қараған түні жан тәсілім етті. Саясаткер жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан.

Алматылық “Қайрат” футбол клубының ардагері Тимур Сегізбаев 16 желтоқсанда 76 жас шамасында бақилыққа аттанды.

Қазнетті дүр сілкіндірген “Зың-зың” әнінің авторы Болат Нұрымов 25 қазан күні туберкулез дертінен көз жұмды.

Белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова үш жыл бойы обыр дертімен күресіп, ақырында жан тәсілім етті. Ерекше талант иесін қазақстандықтар “джаз ханшайымы” деп атап кеткен.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыкалық театрының директоры Мұхтар Байжұманов 59 жасында қайтыс болды. Байжұманов 24 қараша күні кешке моншадан шыққаннан кейін көз жұмған.

Қазақстандық Максим Арышев 3 сәуір күні Санкт-Петербург метросында болған теракті кезінде көз жұмды. Мрақұммен қоштасу 7 сәуірде Алматыда өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жыл шағаласы кім: Нұртас Адамбай 2017 жылдың қорытындысын жасады

АҚШ-тың беделді порталы Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп атады

Жаңа жыл ұлттық мерекеміз емес: қазақстандықтар не себепті Жаңа жыл мерекесін тойлаудан бас тартты

Үйге барар жол: оралман Қытайдан Қазақстанға дейін трактормен бір апта жүріп келді

Талқылау