Қазақстанда 2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 17:08

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

NeedFull.NET_foto-lyudej-smotryashchikh-3d-v-kinoteatre2

Бұл туралы ҚР АКМ жауапты хатшысы Жанат Қожахметов баяндады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін ҚР Мәжілісінде Қаржы және бюджет жөніндегі комитет отырысы өтті. Онда 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасы қаралды. Мәжіліске жиналған депутаттар қазақстандық телеарналардан көрсетілетін шетелдік контенттің көптігіне наразылық білдірді.

«Қазақстандық телеарналар біздің болмысымызға сай келмейтін шетелдік бағдарламаларды жиі көрсетеді. Сонымен бірге, өзге елдің тедехикаялары тұрғындар арасында кері пікір тудырып отыр. Неге отандық телехикаялар аз?», – деген сауалды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Фахриддин Қаратаев ҚР АКМ өкілдеріне қойды.

Министрліктің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов мұндай мәселенің бар екендігімен келісті және бұл олқылықтың орнын толтыру үшін атқарылып жатқан белсенді жұмыс туралы баяндады.

«Расымен де, отандық телехикаяларға қатысты мұндай проблема бар. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. Жоспардағы заң жобасында шетелдік телеарналардан келетін түрлі өнімге шектеу қою қарастырылған. Ал қаржы жағына келетін болсақ, 2017 жылға арналған бюджетте «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіру қарастырылған», – дейді жауапты хатшы.

Жіберіп алмаңыз:

Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің кинопрокатқа шығатын күні белгілі болды (видео)

Мұхамедиұлы: “Қазақ елі” фильмі Бекмамбетовтың киносының көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін

Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты

Тимур Бекмамбетов қазақстандық кинолардың билетін арзандатуды ұсынды

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар