Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің кинопрокатқа шығатын күні белгілі болды (видео)
Танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің прокатқа шығатын күні белгілі болды. Көптен күткен фильм 29 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.
Бұл туралы режиссердің өзі кинокартинаның трейлерін Instagram-дағы парақшасында жариялап, хабарлады. Барлық аналарға арналған фильм талай өмір сынағынан өтіп, қиындықтарды жеңген адам туралы әңгімелейді. Кейіпкердің өмір жолы арқылы картинада қазақ халқының тарихи кезеңдері көрсетілген. Сатаев режиссерлік еткен фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева. Фильмнің түсірілімі үш елде, атап айтсақ, Қазақстанда, Әзербайжанда және Беларусьта өткен. Ал басты рөлдерді актерлер Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сомдады. Жіберіп алмаңыз: Мұхамедиұлы: “Қазақ елі” фильмі Бекмамбетовтың киносының көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты Тимур Бекмамбетов қазақстандық кинолардың билетін арзандатуды ұсынды Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды