Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 14 жастағы қыз баланы құрбысы мешітте заңсыз некелесуден құтқарып қалды

Қызының некеге тұрғалы жатқанынан бейхабар анасы, бұл жаңалықты оның сынып жетекшісінен  естіген.

таймс

Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды

Қой жылын қорытындылап, баспасөз жиынын жасаған Ақтөбе облысының ювенальды сотының төрағасы Майра Үрістембаева, жиын барысында «бізді діни сауалдар қатты алаңдатады», – деп атап өтті.

«2013 жылы сот отырысы болды. Онда 14 жасар мектеп оқушысының 20 жастағы ер адамға тұрмысқа шыға жаздауына қатысты мәселе қаралды. Қыз бала өте тәрбиелі болған. Түнгі клуб, кафе дегеннің маңынан жүрмей, үйінен ешқайда шықпаған. Анасы да оның тәртібіне қаталдық танытқан. Алайда қыз бала әлеуметтік желінің құрбанына айналып, 20 жастағы жігітпен танысады. Екеуінің қарым-қатынастары тіпті қыздың үйінде орын алған жыныстық қатынасқа дейін созылған», – дейді Үрістембаева.

Ал мектеп қабырғасында тәлім алатын қыз бала, болашақ күйеуімен некеге тұру үшін мешітке баратынын өз құрбысына айтқан. Құрбысы бұл жағдайды дереу сынып жетекшісіне жеткізіп, ол қыздың анасын құлақтандырған. Олардың барлығы сол мезетте-ақ мешітке жүгіріп барып, неке рәсімін тоқтатып үлгерген.

Ал сот өз кезегінде кәмілетке толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскені үшін 20 жасар жігітті бас бостандығынан айырған.

Талқылау