Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100-ден аса мысық бағып, олардың 50-ін өлтірген әйелдің ісі сотта қаралмақ

Францияның солтүстік шығысындағы Ремирмон қаласының тұрғыны үй жануарларына дұрыс қарамағаны үшін жауапқа тартылады. Жергілікті полицейлер оның үйінен 113 мысықты тапқан.

1425534893_an_island_of_cats_in_japan_640_04

Сол жерді тазалаушы еріктілердің айтуынша, олар 50 өлі мысықты тапқан. Олардың өліміне уақытылы салынбаған екпелері себеп болған. Сөйтіп, мысықтардың ауруы бірінен біріне жұққан. Еріктілер ешбір мысыққа дұрыс жағдай жасалмағанын айтады.

Ал, әйелдің өзінің айтуынша, ол мысықтарына айына 750 евро жұмсаған. Ол, сондай-ақ, үйінен 5 күнге көшіріп жіберуді талап етпегенде үйінің жағдайы дұрыс болатынын айтады.

Әйелге әрқайсысы 30 евро болатын 109 (барлығы 1 миллион 233 мың теңге ) айыппұл салауды талап етуде. Осыған байланысты сот отырысы 17 наурызда өтеді.

2015 жылы тамызда елдің мемлекеттік дума депутаттары Вадим Соловьев заңды түрде үйде асырайтын үй жануарларының санын шектеуді ұсынған еді. Компартия өкілі үйінде 50-60 мысық асырайтындарды «белгілі бір аурумен ауыратындар» деген болатын. Бұл бастама әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Талқылау