Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 млн теңгеден аса ақша жұмсаған: 7 жыл бойы арықтататын дәрі ішкен бойжеткен екі есе семіріп кетті

Қытай тұрғыны арықтау үшін 200 мың юань (10 млн теңгеден аса) жұмсап, нәтижесінде екі есе семіріп кетті.

10 млн теңгеден аса ақша жұмсаған: 7 жыл бойы арықтататын дәрі ішкен бойжеткен екі есе семіріп кетті

Бұл туралы Chengdu Business Daily басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өзін Сяоли лақап есімімен таныстырған бойжеткен 18 жасында алғаш рет арықтататын дәрі ішіп көрген. Сол кезде ол теледидарда көп жарнамаланатын қоспаны көріп, қызыққан екен. Қыз арықтататын дәрілерді қабылдай бастағанда салмағы 45 келі болыпты.

Бастапқы уақытта дәрілердең шынымен де пайдасы болған. Алайда бойжеткен оларды қабылдауды қойған бойда, бұрынғы салмағына қайтып келеді екен. Алайда біраз уақыттан кейін артық салмақ қоса бастапты.

10 млн теңгеден аса ақша жұмсаған: 7 жыл бойы арықтататын дәрі ішкен бойжеткен екі есе семіріп кетті

Мұнан кейін Сяоли басқа да қоспаларді қолданып, емдәм ұстай бастапты. Алайда ол кезекті дәріні қабылдауды тоқтатқан сайын, салмағы арта түскен. Осылайша бойжеткен 7 жылдан кейін 90 келіге семіріпті. Сонымен қатар үнемі дәрі ішіп жүргендіктен, бауырына байланысты қиындықтар пайда болған.

Шілде айының басындай бойжеткен асқазан көлемін кішірейту бойынша ота жасатуға шешім қабылдады.

Өз кезегінде дәрігерлер бойжеткеннің артық салмақ қосуының басты себебі дәрі-дәрмектер екенін растады. Олардың сөзінше, Сяоли қабылдаған дәрілік заттар тәбетті басып, іш жүргізеді екен. Сонымен қатар бұл дәрілер бойжеткеннің психологиялық ахуалы мен тамақтану әдетіне кері әсер етіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау