Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллион теңгеден асатын соманы айырбастау жеке құжатпен ғана іске асырылатын болады

Жеке тұлғаға айырбастау пункті арқылы 1 миллион теңгеден астам сомаға айырбастау операциясын жүргізу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

2a3da0c1e627708aa443d86607d9acbc

Сурет e-history.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Бір миллион теңгеден астам соманы айырбастау жеке басын куәландыратын құжатпен ғана жүргізілетін болады деп хабарлайды дүйсенбіде Қазақстанның ұлттық банкі.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар бірінші кезекте айырбастау операцияларының айқындылығын арттыруға және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында айырбастау пункттерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

“Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға жәрдем беру және айырбастау операцияларының ашықтығын арттыру мақсатында сатып алынатын, сатылатын шетел валютасының жеке тұлғаның жүргізілген айырбастау операциялары бойынша сәйкестендіру деректерін тізілімдер журналында міндетті тіркеу талап етілетін шегі айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша баламада 2 млн. теңгеден 1 млн. теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша, жеке тұлғаға айырбастау пункті арқылы 1 млн. теңгеден астам сомаға айырбастау операциясын жүргізу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет”,-делінген хабарламада.

Егер айырбастау пунктінде клиентке валюта болмауына байланысты айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылса, онда айырбастау пунктінің кассирі оның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ болған валютаның түрі мен сомасын, анықтаманы беру күні мен уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы беретінін еске саламыз. Кассир анықтамаға қол қояды және оны қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіпте тіркейді.

Айырбастау пунктінің клиенті кейіннен Ұлттық Банктің филиалына жоғарыда берілген анықтаманы қоса бере отырып, айырбастау пунктіне шағымын беруге құқылы.

Талқылау