Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда төртінші қабаттан құлап кеткен бір жарым жасар бала ғажайып түрде аман қалды

Павлодарда төртінші қабаттан құлап кеткен бір жарым жасар бала ғажайып түрде аман қалды. Балада сынық жарақаттары жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі irbis.tv порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото freepik

Қайғылы оқиға 18 сәуір күні кешке Павлодардағы Мәскеу көшесіндегі төртінші қабаттағы пәтерде орын алған.

Оқиға кезінде бүлдіршіннің анасы көрші бөлмеде болған. Ал жалғыз қалған бір жарым жасар бала терезеден құлап кеткен. 

"Төртінші қабат екенін ескерсек, баланың аяқ-қолында сынықтар, қаңқа жарақаттары жоқ. Аяқ-қолы сау, бас сүйегі де аман.  Мидың шайқалу белгілері де жоқ, тек бас сүйегінің үстірт жарақатын алған”, - деді облыстық балалар ауруханасының травматологы Ардақ Айтмұхаметұлы.



Бала компьютерлік томографиядан өтті, оның жағдайы орташа. Бүлдіршін қазір белсенді қимылда.

Талқылау