Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Газаға жасаған шабуылына байланысты Израильмен сауда қатынасын тоқтатты

Түркия Израильмен барлық сауда қатынасын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

2 мамырдан бастап екі ел арасында барлық импорт пен экспорт тоқтатылады. Түркия Израильді Газа секторына геноцид жасады деп айыптап отыр.

Алайда Түркия бұл шешімін әлі ресми түрде жариялаған жоқ. 

"Түркия бейсенбіден бастап Израильге барлық экспорт пен импортты тоқтатты", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Түркия Израиль премьер-министрінің үстінен халықаралық сотқа шағым түсірген еді.

Талқылау