Үндістер тайпа емшісінің қазасы үшін канадалық азаматты қинап өлтірген
Жоғарғы Амазонка тұрғындары жергілікті тайпаның рухани көшбасшысы, сондай-ақ емшісінің өлімі үшін канадалық азаматты азаптап өлтірген.
Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бейсенбіде Укаяла ауданында Шибибо-Конибо тайпасының 81 жастағы емшісі Оливия Аревало қарулы шабуылдан қайтыс болды.
Жергілікті тұрғындар оның өліміне 41 жастағы канадалық азамат Себастьян Пол Вудрофты кінәлады. Себебі ер адам сол аймақта тұрып, емшінің қызметін пайдаланып жүрген екен.
Полиция қызметкерлері емшіні өліміне қатысты күдіктіні әлі анықтамағанын айтты. Сондай-ақ, канадалық азаматтың өліміне қатысты ешкім қамауға алынбаған.
41 жастағы азаматты азаптап өлтірген сәт видеоға түсіріліп, желіге жарияланған. Содан кейін полиция қызметкерлері жергілікті тайпа өкілінің үйінен шамамен бір шақырым жерден Вудрофтың денесін тауып алған.
Видеожазбада Вудровқа ұқсас адамның шалшықта батып бара жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ оған жаза тағайындаған тайпа өкідері арқан лақтырып, сүйреген. Қалғандары болса бұл көріністі бақылап тұрған.
«Біз бұл қылмысты кімнің жасағанын таппай қоймаймыз»,-дейді жергілікті прокурор Рикардо Палму Хименес.
Оқи отырыңыз:
Актер Морган Фриман өгей немересімен жыныстық қатынаста болды деп айыпталуда
Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)
Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі үшін ашуланып, талып қалды (фото)