Назгүл мен Құндызға және өзге де асыранды балаларға күш қолданған Зүлфия Төленова қамауға алынды

Түркістан облысында туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған Құндыз бен Назгүлді және өзге де асыранды балаларды ұрып-соғатыны анықталған тараздық қамқоршы Зүлфия Төленова қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәліметінше, дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу амалдары басталған.
“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.
Күні кеше апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен №5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшірілген еді. Осы тұста желі қолданушылары күдіктінің қамқорлығындағы өзге де балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, балалар медициналық қызметкерлердің тексеруінен өткізіліп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылған.
“Тергеу барысында болған жағдайдың барлық мән-жайы жан-жақты, толық әрі объективті түрде зерделенеді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жақында желіде туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчталғаны түсірілген фото тарады. Аталған жәйт қазақстандықтарды шошытып, қызу талқыға түсті.
Кейінірек апалы-сіңлінің бірі Құндыз өзін қамқоршысы байлап тастағанын айтты Дерек бойынша “Азаптау” бабы бойынша іс қозғалды. Кейінірек 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлінің қамқоршысы өзге балаларды да ұрып-соғатыны белгілі болды.
Ал кеше олар арнаулы орталыққа көшірілді.
Еске салайық, Түркістан облысына қарасты Шілік ауылында 27 жастағы Құндыз бен 33 жастағы Назгүл есімді қыздарды аға-жеңгесі құлдықта ұстап, жылдар бойы қорлап келген. 17 жыл құлдықта өмір сүрген қыздардың бұған дейінгі қамқоршысы – Зүлфия Төленова болды.
Ол сол сәтте – 17 балаға қамқоршылық жасап отырған ана еді. Екі қызды да өз қамқоршылығына алғанда Зүлфия Төленова қыздардың тағдырына әрі қарай өзі жауапты екенін алға тартқан көрінеді.
"Мобилографты комиссия мүшесі ететіндей Ата заң ойыншық емес қой": Конституциялық реформа комиссиясының мүшесі болған Балтабаев тағы да көпке жақпай қалды