Зорланған соң күйзеліске түсіп, сал болып қалған 25 жастағы қыз эвтаназия жасауды сұрады

Испаниядағы 25 жастағы Ноэлия Кастильо Рамосқа эвтаназия жасауға рұқсат берілді. Ол Каталония тұрғыны және елде алғаш рет депрессияға байланысты эвтаназия алатын адам болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telecinco телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, процедура бүгін, яғни 26 наурызға жоспарланған. Ноэлия осы шешімге екі жыл бойы қол жеткізуге тырысқан. Оның эвтаназияға құқығын Испанияның Конституциялық соты мен Еуропалық адам құқықтары соты растады. Алайда оның отбасы, әсіресе әкесі, бұған қарсы болған. Әкесі сотқа жүгініп, қызының тұлғалық бұзылыстары оның шешіміне әсер етуі мүмкін екенін алға тартқан.
Ноэлияның балалық шағы қиын өткен. Ол біраз уақыт қамқоршылық органдарының бақылауында болған. Кейін ол топтық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, 2022 жылы бесінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұған дейін де бірнеше рет суицид жасауға әрекеттенген.
Сол оқиғадан кейін Ноэлия ауыр жарақат алып, сал болып қалған. Қазір ол тұрақты ауырсынумен өмір сүріп, толықтай күтімге тәуелді жағдайда түрлі әлеуметтік мекемелерде тұрып келеді.
2024 жылдың көктемінде Ноэлия эвтаназия рәсіміне өтініш берген. Істі қараған медициналық мамандар оның жағдайын "ауыр әрі төзгісіз" деп бағалап, оның бұл шешімді саналы түрде қабылдай алатынын растаған.
Ноэлияның өзі "Менің күнделікті өмірім – қорқынышты әрі азапқа толы. Күн сайын бәріне төзу қиындай түсті" деп айтқан. Қыздың ағасы да жағдайдың өте ауыр екенін айтып, "оны жоғалтумен ешқашан келісе алмаймын, бірақ оның қандай азап шегіп жатқанын елестету керек" деген пікір білдірген.
- Павлодарда "зорландым" деген қыз 5 жылға сотталды
-
Топтық зорлаудың құрбаны болған 15 жастағы қызды анасы шынжырмен байлап қойған
Еске салайық, бұған дейін Испанияда медицина тарихында алғаш рет эвтаназия арқылы өмірден өткен донордың бет тіні басқа науқасқа сәтті трансплантацияланды. Барселонадағы Валь-д’Эброн клиникасында жасалған бұл күрделі операция шамамен 24 сағатқа созылып, оған 100-ге жуық маман қатысты. Дәрігерлердің айтуынша, бет трансплантациясы эстетикалық емес, науқастың сөйлеу, тамақтану және көру секілді маңызды функцияларын қалпына келтіруге бағытталған аса күрделі хирургиялық әдіс.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?