Зират басындағы құлпытасқа QR-код орнатылған: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы түсінік берді
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы зират басындағы құлпытасқа QR орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Жалпы QR - әлемнің дамыған елдерінің бәрінде бар тәжірибе. Мәселен, зират басындағы құлпытасқа QR орнатылады. Осы QR-ға ұялы телефонды жақындатып, өмірден озған азамат туралы толық мәлімет алуға болады.
Айталық, қандай адам, нендей қызмет істеген, қандай өнегелі істері бар, қай өңірдің тумасы деген сынды сауалдарға қатысты толық мағлұмат ала аласыз. Осы үшін жасалған дүние. Бұл тәжірибе ретінде елордадағы шамамен 20 зираттағы құлпытасқа орнатылған", - деді Ағабек Қонарбайұлы.
Оның атап өтуінше, құлпытасқа QR орнату азаматтың өтініші болған кезде ғана жасалады.
"Ал, жаппай қолданысқа енгізілген жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, мұндай үрдіс дамыған елдерде бар. Сондықтан бізде де тәжірибе, сынақ ретінде жасалған", - деді ол.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы