Зинедин Зидан үшінші рет “Реалдың” бас бапкері болуға жақын
Фото:BBC
Зинедин Зидан мадридтік "Реалдың" бас бапкері қызметіне үшінші рет оралуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Speedline мәліметінше, француз маманы өз мансабындағы ең үлкен табыстарға жеткен клубпен қайта жұмыс істеуге дайын. Қазіргі таңда тараптар асығыс шешім қабылдамай, жағдайды жан-жақты талқылап жатыр.
Зидан бұған дейін "Реалды" екі кезеңде басқарған және осы уақыт ішінде командамен бірге Чемпиондар лигасын үш рет жеңген. Сондай-ақ ол клуб тарихында әрі аңыз ойыншы, әрі табысты бапкер ретінде аты қалған.
Атап айтсақ, оның жетекшілігімен команда Испания чемпионаты мен Суперкубокті екі рет ұтқан. Бұған қоса, УЕФА Суперкубогы мен Клубтар арасындағы әлем чемпионатында да екі рет топ жарған.
Сенсация: "Реал Мадрид" екінші дивизионда ойнайтын "Альбасетеден" жеңілді
“Барселона” Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды
Ол бапкер ретінде 2016–2018 және 2019–2021 жылдары еңбек еткен. Ал футболшы ретінде 2001–2006 жылдары доп тепкен. Осылайша, ол "Реал" тарихында өз есімін алтын әріппен жазып қалдырған.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты