«Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі қамауға алу туралы үкімге шағымданды
Қауіпті қызмет көрсетті деп айыпталған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі Надежда Судденок қамауға алыну туралы үкімге шағымданды. Бұл туралы Заводск аудандық сотында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сурет: РИА Новости
«Сотқа Надежда Судденоктан қамауға алу туралы үкімге шағымданған құжаттары түсті», – деді Тасс сот өкілінің сөзін келтіріп.
Бұдан кейін құжаттар Кемерово аймақтық сотына жіберіледі, деп атап өтілді.
Еске салайық, 25 наурызда Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болды. Оқиға нәтижесінде 64 адам қайтыс болып, 80-ге жуық адам зардап шекті.
Оқи отырыңыз:
Ер адам көлігімен өзінің әйелі мен баласы мінген скутерді қағып, қашып кеткен
Қытайдың «Тяньгунь-1» ғарыштық зертханасы жерге құлады
Алғаш рет Vogue журналының мұқабасына хиджаб киген қыздың суреті шықты
Актер өзімен аттас адамның билетін пайдаланып демалысқа ұшып кетті
Талқылау