Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз қазақстандықтарға жұмыс табуға көмек беріледі: Ол үшін не істеу керек

Жұмыссыз қазақстандықтар 2025 жылдың 15 қазанына дейін кәсіби біліктілігін тануға өтініш бере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз азаматтардан кәсіби біліктілігін тану үшін жолдама алуға өтініш қабылдауды бастағанын хабарлады.

Сарапшылардың сөзінше, өтініштерді өңдеу және барлық кезеңде консультациялық қолдауды еңбек ұтқырлығы орталықтары жүзеге асырады. 



"Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі", – делінген министрлік хабарламасында. 

Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды. Бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.

Ваучер алу үшін азаматтың ресми "Жұмыссыз" мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.

Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Айта кетейік, бұған дейін ТМД елдері арасында жұмыссыздық бойынша Қазақстан Тәжікстан мен Әзірбайжаннан кейін үшінші орында тұрғаны туралы жазған едік. 

Талқылау