Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмысқа бармай 189 миллион теңге жалақы алған қызметкер бес жылға түрмеге қамалды

Жалақы алған ер адам сотталдыФото: Minerva Studio / Shutterstock / Fotodom

Кувейтте он жыл бойы жұмысқа бір рет те келмеген мемлекеттік қызметкер бес жылға бас бостандығынан айырылып, 312 мың кувейт динарын (шамамен 512 миллион теңге) өтемақы ретінде төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аты-жөні жарияланбаған ер адам бір мемлекеттік мекемеде қызметкер ретінде ресми тіркелгенімен, он жыл бойы жұмыс орнына мүлде бармаған. Бұған қарамастан, ол жалпы сомасы 104 мың кувейт динарын (189 миллион теңге) жалақы ретінде алып отырған. Осы деректерге байланысты билік оған заңсыз баю және мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану бойынша іс қозғаған.

Алғашқы екі сотта ол жеңіп шыққанымен, кассациялық сот бұл шешімдерді жойды. Енді ол тек айыппұл мен түрме жазасын ғана емес, заңсыз алынған барлық қаражатты қайтаруға міндеттелді. Бұл үкім кейінгі жылдардағы ең қатаң шешімдердің бірі болды.

Кувейтте қазір жалақы және мемлекеттік қаржыға қатысты алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы кең ауқымды науқан жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 30 жыл бойы екінші отбасын жасырып келген ер адам түрмеге қамалғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 15:58