Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономика министрі Жұманғарин журналистерді жын-шайтанға теңеді

Серік ЖұманғаринФото: primeminister.kz

Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистерге орынсыз әзіл айтамын деп тағы сынға қалды. Ол Достоевскийдің "Бесы" романын меңзеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бұқаралық ақпарат құралы қалай аталады? "Бес", иә? Атауы қызық екен. Роман желісі бойынша, шығар, иә? Федор Михайловичтің, солай емес пе? Сіздер немесе "Орда" жазады... "Ордаға" жындар кіріп кетті", – деп біртүрлі қалжыңдады шенеунік.

Жұманғариннің бұлай деуіне 23 маусым күні сенатта өткен брифингтегі қылығы туралы БАҚ беттерінде жарияланған сыни мақалалар себеп болды.  BES.media порталының журналисі Жұманғариннен Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы 200 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған компанияның атын атауды сұраған. Шенеунік микрофонын өшіріп, брифингтен кетіп қалған. Осы жайтты журналистер сынап жазған еді.

Министр БАҚ-тағы сынмен келіспеді.

"Жұманғарин брифингті ерте жапты". Тағы кім? Мен брифингті жапқаннан кейін сіз қосымша сұрақ қоюды өтіндіңіз. Солай ғой? Мен брифингті жапқаннан кейін! Неге соны жазбайсыз? Маған сізге дейін екі спикер қойған сұрақты қойып тұрсыз", – деді ол.

Айта кетейік, министрдің брифингтегі қылығына "Әділ сөз" қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова да желіде жазба жариялап, пікірін білдірді. Қарлығаш Жаманқұлова бұл әрекетті мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты елемеу деп бағалады. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 17:50
Талқылау