Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлқылағаны үшін ажырасып жатыр": Ырысбала Икрамбай сүйіктісіне қол көтерген Шәріп Серікті жақтады

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай сүйіктісіне қол көтерген актер Шәріп Серікті жақтап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі жұлдызы “қит етсе ажырасатын” әйелдерге үндеу жасады. 

“Отбасы болғаннан кейін бәрі болады. “Саған қол тигізді ме, ажырас” деп шығатындар көбейген. “Мені лифттен жұлқылап шығарды”, “Дауыс көтерді”, “Қымбат сыйлық алып бермеді” деп ажырасып кеткендер қаншама?! Ата-ана ажырасса, азабын бала тартады. Әйел деген бәріне шыдайды. Еркек те дәл сондай. Отбасы болғасын бәрі болады. Біз де талай қырылдық. Ұрыс кезінде ашудан гөрі ақылға жеңдірдік. Әйел де жетісіп тұрған жоқ. Байғұс актерді адамның соңғысы қылып тастадыңдар. Бір еркек жаман екен деп бәріне топырақ шашуға болмайды. Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте” деген сөзді естен шығармайық”, – деді блогер. 



Еске салсақ, бұған дейін танымал актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі актердан зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген еді.

Артынша актердің өзі бұрынғы сүйіктісіне қол көтергенін мойындап, кешірім сұрады.

Шәріп Серіктің бұрынғы жұбайы Say Mo да зорлық-зомбылық көргенін есіне алған еді. 

 

Талқылау