"Жұлдызбен неге бармайды?!": Қайрат Нұртас анасымен бірге шетелге демалысқа кетті
Фото: Видеодан скриншот
Әнші Қайрат Нұртас анасымен шетелге қыдырып кетіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің жақында ән сапарға дайындалып жатқанын анасы айтып берді.
“Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік. Керемет демалыс орнына алғысымыз шексіз. Қырғызстан, Ташкент, Ресей жақтың 5 қаласы күтіңіздер! Біз сіздерге барамыз”, – деп жазды продюсер.
-
"Тастары жалтырап тұр": Гүлзира Айдарбекова туған күніне алған сыйлықты көрсетті
-
"Той жасамаймын": Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды
Алайда желі қолданушылары әншінің анасымен бірге қыдырып жүргенін сынап жатыр. Сөздерінше, өнер иесі әйелі мен балаларымен қыдырса жарасымды болады екен.
“Қайратты отбасынан ажыратпауы керек. Қызғансаң да, қимасаң да оның отбасы бар. Ән сапардан келгенде әйелі күтіп алмай ма?!”, “бәріне Гүлзира кінәлі емес”, “Жұлдызбен неге бармайды”, “Қайратты кейде аяп кетемін”, “Қайда жүрсе де шешесі қалмайды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова сахнада костюмін сыйлап жіберетін Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірген еді.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
