Жұлдыз Әбдукәрімова қонақтардың қоныстойға не сыйлағанын көрсетті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары әрі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Астанадағы жаңа пәтеріне қоныстойға келген қонақтардың сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында жұлдызды жұп Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлнұр Оразымбетова секілді шоу-бизнес өкілдерін қонақ еткен еді. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, қонақтардың сыйын енді ғана ашып жатқанын айтты.
“Екі күн қонақ күттім. Сыйлықтарды ашатын уақыт болған жоқ, енді ғана қолым тиді”, – дейді ол.
Өнер иесінің қонақтары отбасыға асүйге ыдыс-аяқтар, тақтай және ұлттық тағам салуға арналған астау, сондай-ақ тәттілер, жамылғы, тақтай және тағы басқа керек заттарды сыйлаған. Бұған қоса Жұлдыз Әбдукәрімова құрбысы Қатардан арнайы алып келген термосқа, Хайнаньнан әкелінген шайға, Швейцариядан әкелінген кофеге ерекше назар аударды.
Актриса алдымен “Үйіңде береке болсын, құрметпен Гүлнұр Оразымбетова”, – деп жазылған ашықхатты оқып, артынан сыйлықтың өзін ашты. Әнші оған үйге киюге арналған киім алып келген.
Сонымен қатар үйдің кенжесі Рабияға да сыйлықсыз қалмады, қонақтар оған киімдер мен ақшалай сый алып келген.
“Барлығыздың ниеттеріңізге, сыйлықтарыңызға, көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге алғысым шексіз. Рақмет, осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын”, – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова ата-енесіне арнап қоныстой жасағаны хабарланған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді