Жыландар мен кесірткелер Алматыда жер сілкінетіндігінен алдын ала белгі берген
Алматыдағы сейсмобиология зертханасындағы жәндіктер жер сілкінісінен бір апта бұрын күрт өзгеріп кетті, деп хабарлайды КТК.
Жыландар өз орнында дамыл таппай әрі бері жүрді. Олар тікесінен тік тұрып алған. Кесірткелер мен геккондар да өзін біртүрлі ұстапты.
“Бір аптадан бері өзгеріс болды. Бауырымен жорғалаушылар жер өзгерістерін алдын ала сезеді. Олар алдын ала белгі береді. Жер сілкінісі бізден алыста болғанымен жыландар оның бәрін сезді”, – дейді инженер Наталья Суровцева.
Тотықұстар да күні бойы дауыс шығарумен болған. Кептерлер станциядан ұшып кетіп, ол жаққа қайта келмепті.
Бұл орталық жануарларға қарап отырып жер сілкінісін алдын ала бақылау үшін әдейі ашылған. Алайда олардың белгілеріне қарап мамандар дөп басып алдын ала ешнәрсе айта алмайды.
Айта кетейік, 9 тамыз Алматы облысында таңертең жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.
Тағы да оқыңыз:
Жер сілкінгенде не істеу керек?
Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісі кезінде неліктен дабыл қағылмағанын түсіндірді
Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 19-ға жетті
Алматыда жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар