"Жүзінен қорқыныш байқалды": Сарыөзекте қаза болған сарбаздың ата-анасы ұлының өзіне қол жұмсағанына сенбейді (видео)
Жетісу облысында өзін атып өлтірді деген 18 жастағы сарбаз Дастан Құрманбектің ата-анасы ұлының "Калашников автоматынан өзіне оқ атты" дегенге сенбейді. Баласынан айырылған ата-ана тергеудің әділ өтуін талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Дастанның ата-анасының айтуынша, қайғылы жағдай полигонда болған. Дастанның қазасынан бір күн бұрын әкесі ұлымен кездескен екен. Сонда ер адам баласының жүзінен қорқыныш байқаған. Алайда жас сарбаз әкесіне ашылып ештеңе айтпапты.
“Оқ атылған Калашников автоматының өзі де Дастан Құрманбекке тиесілі емес. Бізге берілген құжатта Дастан Құрманбектің Кербұлақ ауруханасында көз жұмғаны жазылған. Оның денесінен зорлық-зомбылық іздері байқалмады”, – дейді марқұмның туыстары.
Ұлынан айырылған ата-ана қайғыдан қабырғасы қайысып, қара жамылып отыр.
“Табытпен келіп, үйге бір күн жатты да кетті. Жаным, шегеленген жәшікпен келді. Аяғымен кеткен балам табытпен келді. Бір күн бұрын барып келген едік. Түнгі сағат 01:00-де үйге келдік. Жарты күннің ішінде болып оттыр. Ертеңгі күні жұмыста отырсам бөтен нөмір хабарласты. Жүрегім зу ете қалды. “Өкінішке қарай, қайғылы қаза болды. Дастан өзін-өзі атты” деді. “Тірі ме” деп сұрап едім, “Қайтыс болды” деп өзіме бірден айтып тұр, жүрегі жоқ, мейірімсіздер. Балам не азап көріп кетті”, – дейді анасы.
Дастанның әкесі де ұлының суицид жасамағанына сенімді.
“Алты айдан кейін келісімшартпен осы жерде қалсам ба” деді. Өзің көр, сенің қалауың, біз сені қолдаймыз дедім. Бұларда әр сенбі, жексенбі күндері телефомен 30 минут, 1 сағат сөйлесуге рұқсат береді. Сөйтіп кейін бір сөйлескенімізде келісімшартпен қалғысы келмейтінін айтты. “Әскери борышымды өтеп, ертерек кетемін, келісімшартпен істегім келмейді” деді. Мен “жарайды, әскери қызметте істегің келсе осы жерден де қарастырамыз” дедім. Кейін ол жақтан көңілі қалды ма, қысым болды ма” деп ойладым. Жаба салуы мүмкін. Ондай бізде бар. Баланың өзін-өзі ата салуы мүмкін емес”, – дейді Дастанның әкесі.
Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, өлімге әкелетін жарақат алған.
“Қайғылы жағдайдың себептері мен жағдайлары анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр”, – дейді ол.
Ал қызмет барысында сарбазға оң баға берілген. Бөлім қолбасшылығында оған қатысты арыз-шағым болмаған. Сарбаз қызметтік міндеттерін де толық орындапты.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің "Қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын бұзу" (462-бап, 2-бөлік) бабы бойынша іс қозғалды.
2006 жылғы Дастан Құрманбек – отбасындағы алты баланың төртіншісі. Әскери қызметкер болғысы келген ол былтыр қазанда әскерге өзі сұранып кеткен. Бірақ уақыт өте туыстарына мұнысына өкінетінін айтқан.
16 қаңтар күні марқұмның денесі Жетісайда жер қойнына тапсырылды.
Бұған дейін Жетісу облысы Сыраөзектегі әскери бөлімде жас сарбаздың көз жұмғаны