Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген миллион теңге: Екібастұздық 20 жастағы қыз астаналық кәсіпкерлерді сан соқтырып кеткен

Астанада 20 жастағы қыз кәсіпкерлерді сан соқтырып, жүздеген миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екібастұздық бойжеткен астаналықтарға төмен бағада Қытайдан тауар әкелемін деп уәде еткен. Осы мақсатта WhatsApp мессенджерінде түрлі тауарларды жарнамалайтын, кәсіпкерлерге көтерме бағамен ұсынатын көптеген топтар құрған. Смартфоннан бастап ыдыс-аяққа дейін жеткізіледі деп сендірген. Алайда ақшаны алғаннан кейін ол жоғалып кетіп, сатып алушылармен байланысын тоқтатқан.

Сарыарқа ауданының полиция бөліміне елорда тұрғыны хабарласып, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Қаскөй алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ештеңеден күдіктенбеген әйел алаяққа бірден 31 миллион теңге аударып бергенін айтады. Бір айдан кейін тауарды ала алмаған жәбірленуші полицияға хабарласқан. Тағы үш кәсіпкер қаскөй құрбанына айналдық деп арыз жазды. Болжам бойынша, 50-ге жуық азамат дәл осындай схемамен алданған, бірақ олардың саны одан да көп болуы мүмкін.

“Екібастұз қаласының 20 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап, бөтен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Астана қаласы ІІД Сарыарқа аудандық полиция бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуын сұраймыз. Әуезов, 40 немесе телефоны: 8 (7172) 71-66-76. 71-66-46, +7 700 543 0101 немесе "102", – деп мәлімдеді Астана қалалық ПД.

Талқылау