Жұрт Кентал мен Санданың орындауындағы әнді «Алло»-ның көшірмесі деп сынады (видео)
Әнші Кентал мен Санданың орындауындағы «Прости, мне очень жаль» әнін жұрт Төреғали мен Еркенің орындауындағы «Алло» әніне ұқсатты. Елдің пікірінше, Кентал мен Санда дәл Төреғали мен Ерке ұқсап диалог түрінде ән жаздырған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алайда бүгін Кентал өзін айыптаған жандарға дәлелін келтіре отырып жауап берді. Әншінің айтуынша, Санда екеуі орындап жүрген ән «Алло»-дан әлдеқайда бұрын жарық көрген. Дәлел ретінде Кентал «Прости мне очень жаль» әнінің алғаш рет жарияланған нұсқасын келтірді.
«Баршаларыңызға қайырлы таң! Бұл жазбаны «Алло» мен «Прости, мне очень жаль» диалог түрінде жазылған әндерін ұқсатқан барша жандарға және досыма арнаймын. Бұл тақырыпты қозғағым келмей жүр еді, бір досым айтқаннан кейін жауап беруді ұйғардым. Кез келген нәрсе салыстыру арқылы анықталады. Ендеше салыстырып көрейік. YouTube желісінен «Алло» бейнебаянын тауып, жарыққа шыққан күнін қарайық. 2015 жылдың 29 қарашасы. Енді «Прости, мне очень жаль» әнінің алғашқы жарияланымына назар аударыңыздар. Достарымның бірі аталмыш әннің үзіндісін жариялаған еді. 2014 жылдың 4 қарашасы. 1 жыл және 25 күн айырмашылық», – деп жазды Кентал желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Кентал азан шақырып, жұрттың батасын алды (видео)
Кентал «Прости мне очень жаль» әнін басқа қызбен орындап кетті (фото, видео)