Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист қыздарды жүкті қылып тастап кететін жігіттерді ел алдында жазалауды ұсынды

Бүгінде еліміздің әр аймағында жс қыз-келіншектердің жаңа туған сәбиін қоқысқа татап кетіп жатқаны белгілі. Осыған байланысты желі қолданушылары қыздарды жүкті қылып тастап кететін жігіттерді ел алдында жазалауды ұсынды.

11a62a96da97e81b20ee745b12b70797

“Заң бар ма? Айтпағым, қазір “байқамай” екіқабат болып, баласын қоқысханаға лақтырып кететін қыздардың көптігіне көп таңқалмайтын болды қоғам. Үрдіске айналып келеді. Соңында жаза алатын тастанды баланың көкек анасы. Бірақ, меніңше бұл жерде жігітті де тауып, үрімдей қыздың “құлағынан теуіп”, күйем, сүйем деп өтірік романтикаға апарып, ақыры аяғында байғұс қызды қиын жағдайға тастап кететін “серініде” қоғамға таныстырып, жазалау керек сияқты.

Кешегі Индира есімді АТУ-дың студенті баласын лақтырам деп оқудан да қуылды, жазаға тартылмақ. Қызылордадан келген үрімдей, әп әдемі қыздың өмірін күл талқан еткен әрине жігітқой. Кезінде қызығын көріп, шешуші сәтте тастап кетпесе, алам, үйленем, асыраймын десе қаршадай қыз бұндай қатыгездікке бармас еді. Қанша жерден қыз кінәлі болсада, пасық, ойы арам, ісі харам сәбидің әкесінде ел білуі керек. Әйтпегенде тек қыздарды ғана біржақты кіналап, “серілер” туралы жақ ашпаймыз. Заң не дейді?”, – деп жазады журналист Әмірболат Құсайынұлы желідегі парақшасында. 

Бұл ұсынысты өзге желі қолданушылары да қолдай кетті.

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жақын күндері еліміздегі аурухана мен емханалардың қасына тастанды балаларға арналған жәшіктер қою туралы ұсынысын айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде некесіз жыныстық қатынасқа түскендерді заңмен жазалау ұсынылды

Қазақтың Қарын бүрмесін заманға сай әдіспен, үйде пісіріп көріңіз (фото)

Мұхтар Шаханов: Наурыз мейрамына басқа көзбен, басқа ниетпен қарайтын уақыт жетті

Талқылау